Спорт
«Жальгиристің» бұрынғы қорғаушысы «Шахтёрді» қорғайды
Қарағандылық «Шахтёр» футбол клубының қатарына тағы бір қорғаушы қосылды.
Литвалық «Жальгирис» футбол клубының қорғаушысы қазақстандық Дінмұхаммед Қашкен қарағандылық клубтың қатарына қосылды. Бұған дейін 23 жастағы қорғаушы мадридтік «Атлетико» мен испаниялық клубтардың бірі «Касабланка» сапында өнер көрсеткен. Ал, Қазақстанда елордалық «Астана», талдықорғандық «Жетісу», қызылордалық «Қайсар» мен «Ақтөбе» сапында болғанын еске салайық.
Қорғаушы Қазақстан жастар құрамасы сапында – 11 ойын, Ұлттық құрамада – 1 ойын өткізген.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz