Жаңалықтар

«Жалаңаш» құбырлар жылуды «ұрлайды»

Ешкімге мін тағып, айыптағың келмейді. Жаның ашыған соң айтасың. Мәселе – жылу құбырларының жағдайы туралы. Қаланың көп бөлігінен «жалаңаш» құбырларды кездестіруге болады. Мәселен, Мұқанов көшесі №26 үйдің алдындағы жылу құбыры жаздан бері ораусыз жатыр.

Бұл құбырлар арқылы үйлерге жылу беріледі. Ал, оны тиісті жабындармен орамаса, үйге жеткізілетін жылу температурасы төмендейтінін белгілі. Өткенде ғана қаланы жылумен қамтып тұрған жылу электр орталығының басшылығы қайтып келетін судың температурасы қажетті градустан төмен болғандықтан тиісті жылуды бере алмай отырғандығын айтқан еді. Әрине, ашық-шашық жатқан құбырлардың бойында кез келген ыстық су суып қалады. Біз осылайша энергия көзін текке рәсуә қылып отырмыз.

Күн жылығаннан коммуналдық мекемелер алдағы қысқа дайындықты бастайды. Осы уақытта бұл құбырларды ораса да болар еді. Мұқанов көшесі, №26 үйдің алдындағы құбырдағы айналдырған 5-6 метр ашық жерді орай салу қиындық тудырмасы анық. «Түймедейді түйедей қылып, ұсақ-түйек мәселені қала әкімінің назарына ұсынды» деп сөкпессіздер. Үлкен қиындықтың майда-шүйде кемшіліктен басталатынын ұмытпайық. Ардақ АСҚАНҰЛЫ.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button