Жаңалықтар

Жалған ақпараттың жетегінде кетпеңіз

Қазіргі уақытта Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы қоғамда резонанс тудырып жатқан жалған «ақпараттық толқындардың» жасалу тетігін тереңірек талдап отыр. Соңғы кезде әлеуметтік желілерде халықты алаңдататын, жұрт назарын бірден өзіне аударатын, тіпті адамдардың мінез-құлқы мен әрекетіне ықпал ететін жарияланымдардың күрт көбейгені байқалады.

Сурет egemen.kz

Алайда бұл ақпараттар өздігінен таралмайды. Олардың артында арнайы құрылған технологиялар –  боттар желісі, тапсырыспен жазылған пікірлер, нысаналы жарнама мен бір мезетте жүргізілетін ақпараттық шабуылдар тұр. Барлығының мақсаты – қоғамда шынайы наразылық бардай әсер қалыптастырып, жалған ақпарат арқылы халықтың сеніміне селкеу түсіру.

Орталық мамандары мұндай арандату әрекеттеріне бой алдырмауға, әр ақпараттың түп негізін тексеруге кеңес береді.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button