Жаңалықтар

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Күн сайын мыңдаған қазақстандықтар қалалық Instagram парақшаларынан «жаңалықтарды» оқиды. Алайда олардың кімнің тарапынан және қандай мақсатта жарияланатынына мән бере бермейді.

Сурет kostanai-kostanai-ulyanov/press

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының хабарлауынша көбіне айғайлы тақырыптар мен жағымсыз оқиғалар тізбегінің артында шынайы ақпарат беру ниеті емес, керісінше эмоция тудыру, назарды ұстап қалу және жарнаманы қымбатырақ сату есебі тұруы мүмкін.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы сізге шынайы мәселені қолдан жасалған ақпараттық себептен ажыратуға көмектеседі. Өзіңізді адастыруға жол бермеңіз және бұл мәліметпен жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button