Әдебиет

Жайық қызына

Шымыр екен асығындай киіктің,
Сөзі – сара, ой-өрісі биік тым.
Емшісі де, иесі де өзіңдей
Жас жүрекке түскен дерттің, күйіктің.

Не дегенмен, жарасымды тұлғасы,
Бір жігітті қор қылмастай бір басы.
Махаббаттың піріндей Қыз Жібектің
Ақ Жайыққа түскен сәуле сұлбасы.

Секілді бір қырдың ерке маралы,
Көрген сайын көз жауын ап барады.
Жігіттердің еркін жайлап, тұзақтап,
Қадалады қара нәркес жанары.

Тәтті қиял, сезімімді ұштарлық,
Қоздырады сұлулыққа құштарлық.
Аялайық, ардақтайық аруды,
Болмасыншы оған деген іштарлық!

Хамит ЖАМАНОВ

Басқа материалдар

Back to top button