Жаңалықтар

Жайсаң елдің жақсылығы жадымызда

Ұлттық мерекеде қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқының дархандығын тағы бір атап өтпекпін. Бұның астарында қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірімділігіне ризашылық білдіру жатыр. Біз әр мерекеде түрлі этнос өкілдеріне ізгі ниеті үшін қазақ халқына шексіз алғыс айтамыз.

Сурет автордан

Биыл шешен-ингуш халқының Қазақстанға жер аударылып келгеніне – 80 жыл. Қарағанды облысында қазір 10 мыңға жуық вайнах өкілі бар. Олардың көпшілігі 1944 жылдан бері тұрып келе жатыр. Қарағанды облысына 50 мыңнан астам шешен-ингуш жер аударылған, бұл – шамамен 10 мың отбасы. Бүгінгі таңда қызметіміздегі ең басты міндет – тарихқа ұқыптылықпен қарау.

Тарихқа үңілсек, біздің ата-бабаларымызға қазақ халқы сүреңсіз кездерде қолдау көрсетті. Бүгінде ортақ Отанда бір үйдің баласындай бейбіт өмір сүрудеміз. Әрбір мерейлі ұлттық мерекелерде сондай жақсылық жасаған елді ешқашан ұмыту мүмкін емес.

Алдағы уақытта ұлтаралық келісімді сақтап, өңірде тұратын басқа этнос өкілдерімен мәдени-әлеуметтік байланыстарды дамыта береміз. Мереке аясында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді және тілді жаңғырта отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел мүддесі жолындағы идеяларын жүзеге асыру – маңызды.

Өскелең ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерін сіңіру, яғни, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіл, мәдениетті сақтап қалу да уақыт талабынан түспейді. Бұл үшін Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Тамаша достық үйлері, идеологиялық тірек – бәрі бар.

Ұлттық мерекемізде баршаңызға денсаулық, бақыт, еліміздің гүлденуін, Отанымызға әрқашан бейбітшілік пен өзара татулық тілеймін!

Увайс ДЖАНАЕВ,
«Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button