Білім
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жеті мектептің құрылысы басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен аймақта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 нысан салу жоспарланған. Бүгінде алғашқы конкурстық рәсімдердің нәтижесі шықты. Жеті мектептің құрылысы бойынша жауапты компаниялар анықталды.
Облыстық кәсіпкерлер палатасында жобаны жүзеге асыру мақсатында кеңес өтті. Жиынға жергілікті құрылыс материалдарын, жиһаздар мен жабдықтарды өндіретін кәсіпорын басшылары қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша «Стинк ТФК» ЖШС, «Астана-Көктем С» ЖШС, «AN Groups» ЖШС, «BiGlobal» ЖШС және жобалау ұйымдарынан «Гражданпроект» ЖШС, «IN JOY Project» ЖШС, «Engineering Center ltd» ЖШС, «Tortay Engineering Co» ЖШС сынды құрылыс компаниялары жеңімпаз деп танылды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz