Ресми

Жақып Асанов Сенат төрағасының орынбасары болды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасының орынбасары болып Жақып Қажманұлы Асанов сайланды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: www.inform.kz

Жақып Қажманұлы 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

Университетті бітіргеннен кейін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасында тағылымдамадан өтті. 1985-1986 жылдары Қызылорда облысының прокуратура органдарында облыс прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі және облыстық прокуратурада бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының Банктер, қаржы-несие қатынастары туралы және тексеру органдарындағы заңнаманың сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы.

1994-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заңдылық, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1996-1997 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары.

1997-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі – Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, осы Басқарманың бастығы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы. 2001-2002 жылдары – Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.

2002-2003 жылдары – Павлодар облысының прокуроры. 2003-2005 жылдары – Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі. 2005-2007 жылдары – «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы атқарушы директорының орынбасары, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2006-2007 жылдары – «Ордабасы» корпорациясы» АҚ президенті және директорлар кеңесінің мүшесі. 2007-2011 жылдары – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылы қаңтар- қыркүйек – V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012-2017 жылдары ҚР Бас прокурорының орынбасары. Бас прокуроры. 2017-2022 жылдары ҚР Жоғары сотының төрағасы болған.

«Құрмет» орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен; «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасы мақұлданды.

Басқа материалдар

Back to top button