Коронавирус

Жақыныңа жанашыр бол!

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

 

Облыста коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты адамдар көп жиналатын жерлерде вирустың таралуының алдын алу бойынша шаралар қабылдау қажет.

Санитарлық-эпидемияға қарсы талаптарды бұзудың алдын алуға тек бақылаушы органдар ғана емес, елдің барлық саналы азаматтары да қатыса алады.

Санитарлық талаптарды анықтау үшін арнайы эпидемиологиялық білім қажет емес. Аталған талаптар бас санитарлық дәрігердің қаулысында жазылған және оларды көзбен әрбір бей-жай емес азамат анықтай алады. Қызметкерлер мен келушілердің маска режимін, әлеуметтік  арақашықтықты сақтамауы, келушілер санының лимитінің асыуы, тыйым салынған қызмет түрі бар объектілердің жұмыс істеуін (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кальян, балалар ойын алаңдары мен жабық үй-жайлардағы аттракциондар, банкет залдары) анықтаған кезде, сондай-ақ егер объект 00.00-ден кейін жұмыс режимін бұза отырып жұмыс істесе, Сізді немқұрайлық танытпай, бұзушылықтарды одан әрі болдырмау үшін Senim 109 бірыңғай үйлестіру орталығына хабарлауға шақырамыз.

Call-орталыққа 109 нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады.

Өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыз!

Қарағанды облысының аймақтық штабының

жедел әрекет ету орталығы

 

Басқа материалдар

Back to top button