Жағымпаздар жарысы

Дей алмаймыз
Ұяттан,
Жасқанып кетті.
Бір
Дөкей ағамыздың
70 жылдық
Мерейтойында
Тост айту деген сылтаумен,
Жағымпаздық жарысы
Басталып кетті.
Қоластындағылар
Мақтау сөз айтып
Бірінен бірі озды.
Ойпыр-ай,
Мақтаудан
Тоқтамай
Арқалары қозды.
«Ағамызға
Жететіні жоқ», – деп
Біреуі бір қойды.
«Елестете де алмаймыз ғой,
Ағамыз қатыспаса
Бір тойды.
Ағамызсыз
Аудан тоқырап кетер еді.
Ағамыз жүрмесе
Елдің бірлігі де
Қақырап кетер еді».
Қыза-қыза
Сөз алған тағы бірі:
«Жас келіп қалмағанда
Министр тағын алатын еді.
Ағамыз тіпті
Президент те болатын еді», –
деп өрекпіп кетті.
Сөйтіп,
Қызыл сөз,
Сыпыра мақтау
Тойдың жартысын алып
Жосықсыз ұзарып кетті.
Мерейгер
Ағамыздың болса
Екі беті
Ұяттан өртенердей
Қызарып кетті.
Бекәділ СЕМҚҰЛ
Мектепте жағрапия сабағы жүріп жатыр. Мұғалім: – Бүкіләлемдік негізде қабылданған «sos» деген сигнал қауіп-қатер төнгенін білдіретінін жақсы білесіңдер. Ал, енді осыған қайсың талдау жасап берер едіңдер?
Бірінші оқушы:
– Бұл орысша айтқанда «спасите, оу, спасите» деген сөздерінен болса керек.
Екінші оқушы:
– Жоқ. Мен бұған келіспеймін. Бұл кәдімгі өзіміздің қазақ тіліндегі сорладық, ойбай, сорладық деген сөздің бас әріптерінен алынған.
Мартбек ТОҚМЫРЗА