АймақНұра

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»

Нұра ауданындағы балалар орталығына Nura Arnasy еріктілер штабы кәсіпкерлердің демеушілігімен кілемдер мен түрлі ойыншықтарды сыйға тартты.

 

Мұндай бастаманы еріктілер тобының негізін қалаушы әрі аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Талғат Шолтаев бастаған болатын. Артынша елордалық кәсіпкерлер ойыншықтарға, кілемдерге Қарағандыдағы кілем салоны демеушілік жасаған.

– Мен әртүрлі ұйымдарға, соның ішінде шағын орталықтарға жиі барамын. Әрі олардан не қажет екенін де сұрап жүремін. Алайда, менен «Бізге ойыншықтар мен кілемдер қажет» деп сұраған ешкім жоқ. Бірақ, ойыншықтар мен кілемдер артық болмайды. Кәсіпкерлермен келісіп, осылай қуантып жатырмыз, – деді Талғат Шолтаев.

 

Еріктілер штабы жыл сайын жергілікті тұрғындарға түрлі көмек көрсетіп, қайырымдылық шараларымен айналысып келеді. Алдағы уақытта да осы игі бастамасын жалғастыра бермек.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button