Руханият

Жақсының жақсылығы айтылды

Қаламгер оқырманымен жүздесті. Қарағанды қаласы әкімшілігінің қолдауымен М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында ҚР Мәдениет қайраткері, Құрметті спорт қызметкері, «Ғажайыптар әлемі» кітабының авторы, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалінің иегері Абылай Шуланбаевпен «Сарыарқа саңлағы» атты кездесу кеші өтті. Кеш барысында қаламгердің азаматтық болмысы мен еңбек жолы әңгіменің өзегі болды.

 

Кездесуге Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Ақылжанова, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Рысқали Әбдікеров, «Құрмет» және Еңбек Қызыл ту ордендерінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі, Мәдениет қайраткері, Самбодан Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы Диқанбай Биткөзов, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды облысының және Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы Рымбала Омарбекова қатысты.

Кездесу кеші Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен өтті. Абылай Ілтайұлын Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Ақылжанова «Еңбек даңқы» медалімен марапаттады. Арнайы шақырылған қонақтар, Абылай Ілтайұлының замандастары, әріптестері естеліктерімен бөлісіп, мерейтой иесіне ізгі тілектерін білдірді.

– Мен Абылай Ілтайұлын білікті жетекші, көшбасшы ретінде білемін. Және ол – дарынды қаламгер. Хайуанаттар бағының басшысы қызметін атқарған уақытта жұмыс сапасын жақсартты. Әсіресе, демалыс орнына мүмкіндігі шектеулі жандар емін-еркін келетіндей жағдай жасады. Айта берсек, жақсылығы көп, сіңірген еңбегі зор. Жақсы азаматқа жақсылық тілеймін, – деді Диқанбай Биткөзов.

Ерік НАРЫН,
ҚАРАҒАНДЫ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button