АймақҚарағанды

Жағдай – бақылауда

Қарағанды облысы көктемде су тасқынына қауіп төндіретін өңір ретінде белгілі. Бүгінгі таңда облысымызда су тасқыны суларының қауіпсіз өтуін ұйымдастыру мақсатында алдын ала тиісті шаралар жүзеге асырылуда. Бұл туралы Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

5 наурыздан бастап ТЖД бөлімшелері қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшірілді, тәулік бойы су тасқынына қарсы жедел штаб жұмыс істеуде. Облыстың өзендерінде су деңгейінің тұрақты динамикасы байқалады. Өзендегі деңгей су тасқынынан кішігірім көтерілу мен төмендеу деңгейімен қалыпты шамада. Осы жылы біз алдын ала үлкен су қоймаларынан суды ағызуды ұйымдастырдық. Елді мекендерге су ағысы қаупі төніп тұрған жоқ. Біз күн сайын қардың жай-күйін карталар мониторингі арқылы (ғарыштық суреттер) бақылап отырамыз, Қарағанды облысының қамту аймағы 30% құрайды. (Нұра, Осакаров, Бұқар жырау аудандары). Облыстың өзендерінде кептелістерді болдырмау үшін 6 мұз жару жұмысын атқардық. Оның ішінде Қарқаралы ауданындағы Жарлы өзенінде, Бұқар жырау ауданында Нұра өзенінде және Абай ауданында 4 мәрте мұз жару жұмыстары өткерілді,– дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, су басу қаупі бар аймақта орналасқан аудан және ауылдық округ әкімдеріне, мекеме басшылары су қаупі кезіндегі іс-шаралар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 406 жиын өткізілген. Су тасқыны кезеңіндегі іс-әрекет бойынша 46 мың жадынама таратылып, 201 елді мекенде 276 рейд ұйымдастырылған. Аталған суға қарсы жұмыстардың орындалуы жергілікті атқарушы органдардың бақылауына алынған. Су тасқыны қаупі бар елді мекендерді тікұшақпен тексеру 4 сәуірде жүргізілген. Нұра ауданының су тасқыны қаупі бар Нығман, Ақтүбек, Баршын елді мекендері мен Жақсы-Көң және Жаман-Көң өзендерінің арнасы, сонымен қатар Файз және Қарасай бөгеттері аумағына зерттеу жасалған.

Қазіргі қар көлемі мен метеорологиялық болжам мәліметтеріне сүйенсек, аймақ аумағында қардың күрт еруі күтілмейді. Сондықтан еріген қар суының жаппай басу қаупі аз. Облыс көлемінде әлі ерімеген қар жамылғысы қалыпты мөлшерде көрінеді. Су қоймаларының барлығы бірдей тасқын суды қабылдауға дайын. Су тасқыны жағдайы тұрақты және құзырлы органдардың бақылауында.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button