Шахтинск

Жаңашыл тәсіл – дәуір талабы

   Жуырда Шахтинск қаласында Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің мұрындық болуымен медиация институтын дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы С.Шар­дарбекова жүргізді. Шара барысында Шахтинск қаласында медиация институтын дамыту жолдары, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе жұмыс атқаратын медиаторлардың Шахтинск қалалық сотымен өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қалалық сотының  төрағасы медиация институтын кеңінен насихаттау  мақсатында  қалалардағы кинотеатрларда медиация туралы ақпараттық бейнероликтерді тұрақты түрде көрсету туралы ұсыныс айтып, өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ, Шахтинск қалалық сотындағы медиация кабинетіндегі медиаторлардың жұмыс жасау тәртібі, кезекшілік ету кестесі, медиаторлар тарапынан тұрғындарға  құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды.

Өз тілшімізден.

ШАХТИНСК қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button