Ресми

Жаңарудың жарқын қадамы

Қазақстанда 5-қарашада аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтеді. Пилоттық режимде сайлау өткізу үшін ел бойынша аудандар мен қалалардың тізімі бекітілді. 15 қыркүйекте саяси партиялар арқылы және өзін-өзі ұсынған кандидаттар тіркеуді бастап, 5 қазанда аяқтаған болатын.

Естеріңізде болса, Қарағанды облысында екі аудан, атап айтқанда Ақтоғай және Осакаров аудандарының және Приозерск қаласы әкімдерін халық өзі сайлайды. Демек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған азаматтардың жергілікті атқарушы билік деңгейінде шешім қабылдауға қатысуының маңыздылығы дәл осы жерде көрініс бермек. Одан бөлек, Президент «Әділетті Қазақстанды құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Онсыз басқа жұмыс­тың бәрі бекер» деп те айт­қан болатын.

­Мәселен, осыған қатысты саясаттанушы Елдос Жұмағұл халық арасында әкім сайлауын әлі де жете түсінбеушілік бар деді.

– Халықтың санасында әлі де болса әкімдікке кандидатты жоғары жақ ұсынуы тиіс деген ой басым. Әкім өз орталарынан ұсынылуы тиіс деген мәдениет әлі қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан, бұл жолғы сайлау пилоттық режимде өтетіндіктен, биліктің ықпалы өтеді деген болжам бар, – дейді ол.

Соған қарамастан, саясаттанушы аудан әкімдерін сайлау жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудағы маңызды қадам екенін де жоққа шығармайды. Бірақ, мәселе сайлаудың қалай өтуіне және оның қалай бақыланатынына байланыс­ты болмақ.

– Бұл деңгейдегі сайлаудың артықшылығы – біріншіден жауапкершілікті күшейтеді. Бұрынғы әкімдер бірнеше адам алдында ғана жауапты болса, енді бүкіл аудан, қала халқының алдында жауапты. Екіншіден, жауапкершіліктің мерзімі нақтыланады. Әкім өзі сайланған мерзімде нақты бағдарламасын жүзеге асыруға жұмыс жасайды. Ал, үшіншіден, жергілікті жерде бәсекелестік қалыптасады. Яғни, халық сайлаған әкімнің оппозициясы қалыптасуы мүмкін. Ол демократияның сөзсіз заңдылығы. Төртіншіден, әкімді халық өзі таңдағандықтан, тұрғындар алдындағы беделі, сенімі болады, сөзі де өтімді болмақ, – дейді Елдос Жұмағұл.

Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button