АймақБұқар жырау
Жаңару күнінде жүзеге асқан жұмыстар
Бұқар жырау ауданында да Жаңару күнінде көп жұмыстар жүзеге асырылды.
Бұл күні ауданның елді мекендеріндегі мектептерде көшеттер мен гүлдер отырғызылып, мұғалімдер мен оқушылар өз ауылдарының көшелері мен аулаларын жинастырып, қар мен мұздан,қоқыстан тазартты.
Іс-шараға аудан ұйымдары мен мекемелерінің де ұжымдары қатысып, жолдарды,суөткізгіш құбырларды тазалап, қарды сыртқа шығарды. Нәтижесінде 3300 текше метр қар сыртқа төгіліп, 15 суөткізгіш құбыр қардан арылтылды.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан