АймақБұқар жырау

Бұқар жырау ауданында 15 ауылдың жолы жөнделді

Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануын 30 жыл толуына орай Бұқар жырау ауданының Ақтөбе, Атамекен, Жаңаталап және Орталық ауылдары ішіндегі жолдар жаңартылып, іске қосылды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Жаңа жолдардың ашылу салтанатында болған Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын:

– “Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында соңғы екі жылда өңіріміздегі 15 ауылдың жолдары жөнделіп, жаңғыртылып, биыл аудан көлемінде 40,5 шақырым ауылішілік жолдар жөндеуден өтеді, – дейді.

Осылайша жолдарды орташа жөндеу ісі оның сапасын ғана емес, көлік қатынасының қауіпсіздігін де арттырады.

Мәселен, Ақтөбе аулындағы 5 көшенің жолдарын жөндеп, жаңалауды мердігер ұйым “Жолқұрылыс 2030” ЖШС сапалы атқарып шығып, ол зертханалық қорытындылармен расталған. Сол жөнінде ауыл тұрғыны Бауыржан Мұқышев бұрын шұрық тесік, шаңды жолмен жүріп келген көлік қозғалысының қалыпқа келгеніне қуанышын білдіреді. Ал Атамекен аулында 3, Жаңаталапта 7, Орталықта 5 көшенің жолдары да осылайша ретке келтірілді.

Енді аудан бойынша Көкпектіде 13, Петровкада 4 көше мен 1 өткелдің, Жаңаөзенде 9, Ақбелде 3 көше мен 4 өткелдің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button