Жаһандық бастамалар – жас буынның көзімен
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тұжырымдамалық идеялары мен жаһандық бастамаларын зерделеуге арналған «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренинг жұмысына Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 25 оқу озаты мен белсенді студенттері қатысты.
Ел ертеңі «Мәңгілік Ел» идеясына негіз болған. Оның өзектілігі және маңыздылығы Елбасының жасампаз идеяларын тереңірек пайымдап, қазақстандық жолдың идеологиясын келер ұрпаққа жеткізумен сабақтас.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың кітапханасында өткен семинар-тренинг бағдарламасында дәрістік сабақтар, заманауи шетелдік «ой-пікір фабрикасы» форматында өткен семинар-сабақтармен қатар, Астана қаласына мәдени сапар ұйымдастырылды.
Дәрістер тақырыбы толығымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары тақырыбына арналған. Студенттер Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретіндегі «Назарбаев үлгісін» пайымдауға белсене қатысып, өздерінің пікірлерін ортаға салды, жоспарларымен бөлісті.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлттық мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы». «Мәңгілік Ел» – біздің жалпы қазақстандық ұлттық идеямыз. Егемендік кезеңінде болашақтың негізін құрайтын құндылықтар: тұрақтылық, төзімділік, теңдік, – деді ҚМИУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор М.Ибатов.
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ