Приозерск

Жаһан өркениетінің әліпбиі

Елбасымыз айтқан 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу мәселесі пісіп жетілді. Яғни, 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен ақылдаса отырып  қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты  нұсқасын қабылдау керек және 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта  мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға  әзірлік жұмысын жасау қажет.

Латын  – әлем өркениеті мен техникалық прогрестің  әліпбиі. Елбасы мақаласының маңызын терең түсініп, оны орындауға, білек сыбана кірісуге, әрбір қазақстандық міндетті. Біздің ендігі борышымыз тіліміздің мол қорын келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыру.

Енжарлықтан арылып,  ұрпақтың келешекте сауатты болып, өзгелермен терезесі  тең тұрғыда ой таластыруы үшін бүгіннен бастап 1929 жылдан 1940 жылға дейін ата-аналарымыз жазып, оқыған латын  «Біртұтас түркі алфавитін» бірге үйренейік, қолдайық.

 

Жолмұрат КЕҢЕСОВ,

Приозерск қаласының

мемлекеттік архивінің 

басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button