Жаңалықтар

Жаңаарқада газ балоны жарылып, 16 адам зардап шекті

Кеше Ұлытау облысы Жаңаарқа кентінде жеке тұрғын үйдің аумағындағы моншада тұрмыстық газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шекті деп хабарлайды Оrtalyq.kz Экспресс К. сайтына сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан 100 шаршы метр болатын монша шатыры бұзылып, 50 шаршы метр алаң жанып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері өртті жедел түрде оқшаулай алған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға болған үйде ас беріліп жатқан. Жарылыс салдарынан 16 адам зардап шекті. Олардың 8-і ауруханаға жатқызылды, біреуі ауыр жағдайда. 8 адам үйлеріне жіберілді. Өйткені медициналық тексеру кезінде ауруханаға жатқызу қажеттілігі болмаған.

Оқиға орнында Жаңаарқа кентінің өрт сөндіру күштері мен техникасы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылғаннан болған. Себебі газ баллоны аяздан үй-жайға әкелініп, жылыту құрылғысының жанына қойылған.

Басқа материалдар

Back to top button