Ресми

Жаңа жылда облыста 10 сәби дүниеге келді

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Қарағанды облысында 10 сәби (6 ұл және 4 қыз) дүниеге келді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Сурет: www.lada.kz

Қазақстан бойынша Жаңа жылдың бірінші күні республиканың перзентханаларында 782 бала (398 ұл және 384 қыз) дүниеге келді. Оның ішінде үш жұп – егіз.

Мереке күні туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында (115 бала) тіркелген. Одан кейінгі орында Алматы (83 сәби) қаласы, Шымкент (69 бала) қаласы. Ал, елордада 60 бала дүние есігін ашқан.

Басқа материалдар

Back to top button