Жаңа жыл мерекесінде ХҚО мен мамандандырылған ХҚО қалай жұмыс істейді?
Елімізде 2026 жылғы 1 және 2 қаңтарда, сондай-ақ 7 қаңтар күні халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар жұмыс істемейді. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет хабарлады.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, 3 қаңтар, сенбі күні кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО үшін жұмыс күні болып саналады. Бұл күні азаматтарды қабылдау 09:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.
Ал 5 және 6 қаңтар жұмыс күндері болып есептеледі.
Аталған күндері еліміздегі барлық ХҚО мен мамандандырылған ХҚО әдеттегі тәртіпте қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар, жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.
Кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



