Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс беріледі?
ҚР Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс болатынын айтты.

Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.
Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар 30 желтоқсанда жұмыс істейді.
3,4,5 қаңтар – жұмыс күні. Ал, 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6,7 қаңтарда әдеттегідей демалады.