Бас тақырыпБасты тақырып

Жаңа жыл қарсаңында пойыздар 3 мыңнан астам жолаушыны тасымалдайды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қосымша рейстердің тағайындалуы мереке күндері 3 000-нан астам жолаушыны тасымалдауға ықпал етеді. Ұлттық тасымалдаушы қосымша стандартты жолаушылар пойыздарын — №201/202 «Алматы-2 – Астана-1», №203/204 «Астана Нұрлы жол – Шымкент», №257/258 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол», сондай-ақ тіркеме вагондарды тағайындаған. Бұл пойыздар мереке күндері 53 мыңнан астам қосымша орын ұсынады.

Қосымша қала маңы электр пойыздарының қозғалыс кестесі:

  1. №6803/6804 «Астана-1 – Атбасар»

Жүру күндері: 2025 жылғы 17 және 30 желтоқсан

  • «Астана-1» станциясынан жөнелтілуі — 08:38, Атбасар станциясына келуі — 12:50;
  • Атбасар станциясынан кері жөнелтілуі — 14:50, «Астана-1» станциясына келуі — 18:57.
  1. №7510/7509 «Астана-1 – Павлодар»

Жүру күндері: 2025 жылғы 29 және 31 желтоқсан

  • «Астана-1» станциясынан жөнелтілуі — 15:30, Павлодар станциясына келуі — 22:06;
  • Кері жөнелтілуі (келесі тәулікте) Павлодар станциясынан — 11:10, «Астана-1» станциясына келуі — 18:05.
  1. №7515/7516 «Астана-1 – Бурабай курорты»

Жүру күндері: 2025 жылғы 29, 30 және 31 желтоқсан

  • «Астана-1» станциясынан жөнелтілуі — 20:25, Бурабай курорты станциясына келуі — 23:01;
  • Кері жөнелтілуі — 23:25, «Астана-1» станциясына келуі — 02:10.

Толығырақ ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады. Пойыздардың қозғалысы туралы мәліметтерді ресми онлайн-табло сайтында https://tablo-railways.kz/ru/ қолжетімді.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button