АймақБалқаш

Жаңа жабдықтармен толықты

Балқаш медициналық оңалту орталығы жаңа жабдықтармен толықты. Атап айтқанда, заманауи ультрадыбыстық терапия, ультракүлгін сәулелену, парафин терапиясы, инверсиялық үстелдер, электромиостимуляция және амплипульстерапия аппараттары орналастырылды.

Сурет: Балқаш медициналық оңалту орталығынан

Тәулігіне 40 адамды қабылдайтын орталықта 8 күндізгі емдеу орны қарастырылған. Бірінші қабатта тіркеу орны мен лифт, екінші қабатта оңалту терапиясынан өтуге арналған медициналық жабдықтары бар залдар, үшінші қабатта ем-шара кабинеттері мен тәулік бойы жатуға арналған палаталар орналасқан. Балқаш қаласының медициналық оңалту орталығының басшысы Владимир Омельченконың айтуынша, орталықта қалпына келтіру емі мен оңалтудың жаңа технологиялары енгізіліп, тиімді қолданылады.

– Қазіргі таңда отандық медицина саласында науқастарды оңалту шараларының маңызы арта түсуде. Ауыр өткен сырқаттанудан соң немесе жол апатына түскеннен кейін денсаулықты қалпына келтіру үшін оңалтудан өтудің мәні зор. Бұл ретте балқаштықтар үшін мүмкіндіктер кеңейіп келеді. Емделушінің оңалуы үшін жеке бағдарлама жасалады. Учаскелік дәрігердің жолдамасы арқылы емдеу тегін жүргізіледі, – дейді Владимир Омельченко.

Айта кетейік, оңалту орталығына қажетті құрал-жабдықтарды алу, қажет мамандарды тарту, олардың біліктілігін шыңдау жұмыстары жалғасатын болады.

Нұрдос КӘРІМ.

БАЛҚАШ

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button