Шет

Жаңа заманның жарқын белесі

Елбасымыздың Үкімет арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелеріне арналған арнайы Мәлімдемесі осы мемлекетте тұрып жатқан әр азамат үшін өте маңызды. Өйткені, біз зайырлы, демократиялық қоғам қалыптастырған, унитарлы басқару формасына ие тәуелсіз елдер қатарындамыз. Біздің өз ұлтымызға тән менталитетімізбен өмір сүру салтымызбен ерекшеленеміз. Сондықтан, әлемдегі түрлі басқару формаларының моделін өзгеріссіз енгізу мүмкін емес. Дегенмен, тәжірибе жинақтау мақсатында басқару үлгілерінің кейбір ұқсастықтарын кездестіреміз.

Мемлекет басқару жүйесінің бір сарынды болуы міндетті емес. Жаһандану кезеңінде бұл, әсіресе, жас мемлекеттер үшін өте маңызды қадамдар болып табылады. Жер шарының бір бөлшегі ретінде Қазақстанға да уақыт талабына сай әрекеттеніп отыру шарт. Мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу үшін, тиісті заңдарға өзгертулер енгізу қажет деп білемін. Бұл бағыт – билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастарды жаңа қарқын берер жаңа қадамдардың бірі деп танимын.

Мемлекеттің заңнамалық актілері сол елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, тыныс-тіршілігімен біте қайнасатын, әр жеке тұлға өз мүддесін қорғай алатындай өз күшінде болса, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер, тек, адамның пайдасына, үлесіне болса, халық қолдады деген ойдамын.

Б.ИМАНОВ,

«Ақатан» шаруа қожалығының жетекшісі.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button