Жаңалықтар

Жолдауда агросекторға ерекше назар аударылды

Президент Қасым-­Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауында экономиканы дамыту және бизнесті қолдау туралы маңызды мәселелер көтерілді. Әлбетте, векторды әсте-әсте өзгерту қажет. Шикізат моделінің орнына қайта өңдеуге, технологияларға және кәсіпкерлік бастамаларға көшу – уақыт талабы.

Сурет egemen.kz

Банктік өтімділікке келсек, игілік тек қаржы институттарында сақталып, олар тек өз пайдасына емес, тұтас экономиканың өркендеуіне қызмет етуі тиіс. Қаржы ресурстары нақты секторға бағытталуы, өндірісті қолдау мен дамытуға жұмсалуы керек. Бұл – тек ұлттық экономиканың дамуының кепілі ғана емес, сонымен қатар, жеке сектордың да өсіміне ықпал ететін негізгі фактор. Мұндағы қисын қарапайым және түсінікті.

Агросекторға ерекше назар аударылды Жолдауда. Мәселен, триллион теңгенің рекордтық қолдауы бар айқын мақсатты дұрыс іске асыра алсақ, нәтиже айқын болмақ. Ол үшін агрохабтар құру, шикізатты қайта өңдеуді ұлғайту, жер карталарын цифрландыру маңызды. Alatau City-дің өршіл жобасы технология мен инвестиция алаңы бола алады.

Ойымызды тұжыра келе, егер осы көзделген межелер легі сәтті іске асып, жергілікті жерлерде орындалса, бизнес шынымен де өсу драйверіне айналады. Экономикамыз да жоғары технология­лық әрі заманауи болмақ.

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ,
«Respublica» партиясының
Қарағанды облыстық филиалының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button