Бас тақырыпРесми

Жаңа төраға, тың міндет

Ел аумағында «AMANAT» партиясы филиалдарының конференциялары өтуде. Мұндай саяси үрдіс партияның Қарағанды облыстық филиалында да жалғасын тапты. Кезектен тыс ХХХІХ конференцияда ашық дауыс беру арқылы Бекзат Алтынбеков «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.

Конференцияға «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов, аймақтағы саяси кеңес. мүшелері, мәслихат депутаттары. қоғамдық кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдары және «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Алдымен, осыған дейін партияның облыстық филиалының атқарушы. хатшысы болған Бекзат Алтынбеков жыл ішінде атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. «AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен. аймақта жүзеге асырылған іргелі істерді тілге тиек етті. Партияның халық алдындағы зор жауапкершілігі ел мүддесінің негізі екендігін, халық игілігі. үшін атқарылып жатқан жұмыстарға. жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына тоқталды.

– Биыл өңірде 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Қарағанды. және Теміртау қалаларындағы 2 мыңнан астам тұрғын үйге газ желілері тартылды. Облыс аумағындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2 мың орын ашылды. Қарағанды қаласында 28 балалар спорт алаңы орнатылып, 600 оқушыға арналған мектеп салынды. Шахтинск қаласында аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығы ашылды,– деді Бекзат Алтынбеков.

Бүгінде аймақта 33 мыңнан астам партия мүшесін қамтитын 271 бастауыш партия ұйымы жұмыс жасайды.. 

Қарағанды облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттары атқарған жұмысы туралы партияның депутаттық фракциясының басшысы Қадиша Оспанова баяндады. Мәселен,. халық қалаулылары балаларға арналған шипажайларды қаржыландыру тәсілін қайта қарап, өңірде арнаулы әлеуметтік. қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша бірқатар бастама көтерді. Сондай-ақ, аманаттық депутаттардың қолдауымен Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі және онкологиялық аурулары бар балаларға арналған паллиативтік орталық ашылды.

– Биыл депутаттық корпус 11 сессия өткізіп, онда партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген міндеттер талқыланды. Қабылданған 125 шешімнің 22-сі – нормативтік-құқықтық актілер. Депутаттардың негізгі жұмыс бағыты – сайлаушылармен кері байланыс орнату. Сайлаушылармен 500-ге жуық кездесу. ұйымдастырылды. Азаматтарды жеке. қабылдау үнемі өтеді, – деді ол.

Облыстық партия филиалының төрағасы сайланған, 2022 жылы. атқарған жұмысы және алдағы міндеті пысықталған конференцияда партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов. аманаттықтардың алдында. демократиялық қағидаттарға негізделген Әділетті Қазақстанды құру міндеттері тұрғанын атап өтті.

– «AMANAT» партиясы – Мемлекет. басшысының қоғамдық тірегі. Оның басты міндеті – Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын іске асыруға қолдау көрсету үшін азаматтарды. біріктіру. Бұған біздің күш-қуатымыз жететініне сенімдімін. «AMANAT» партиясының мүшелері – тұғырда тұрған тұрақтылықты сақтауды, әділдікті қолдауды, әр отбасының әл-ауқатын арттыруды көздейтін белсенді адамдар,– дей келе, аманаттықтар әр аймақтың ерекшелігін ескере отырып халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған партиялық жобаларды іске асыру жұмысын күшейтуі тиіс екендігін баса айтты. 

Шара барасында партияның облыстық филиалының жаңа төрағасы Бекзат Алтынбеков өзіне сенім білдірген әріптестеріне алғысын жеткізді. Қалалық мәслихаттың хатшысы Құдайберген Бексұлтанов төрағаның жұмысына сәттілік тілеп, зор сенім білдірді.

Сагыныш ӘБІЛ

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button