Бас тақырыпРесми

Жаңа Салық кодексі: қосымша құн салығының шегі 16% болады

Бүгін Мәжілісте Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің жобасы бірінші оқылымда талқыланды. Негізгі жаңалықтарды Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Серік Жұманғарин таныстырды. Ол құжат өткен жылдың қыркүйек айынан бері қаралып жатқанын еске салды. Биыл оған тұжырымдамалық түзетулер енгізілді.

Сурет naryk.kz

– Қосылған құн салығы 16% болады, бұл салық бойынша шек 40 млн теңге мөлшерінде белгіленеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология – қосылған құн салығын төлеуден босатылады. Сонымен қатар, әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында Үкімет салықтан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайтын болады. Құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады,  мөлшерлемесі 10% болады, – деді Серік Жұманғарин.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, кітап басып шығару, археология ҚҚС-тан босатылды. Денсаулық сақтауда үкімет ҚҚС-тан босатылған дәрілік заттардың әлеуметтік тізімін анықтайды. Қосымша құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге ғана салынатын болады. ҚҚС мөлшерлемесі 10% болады. Әлеуметтік саладағы КТС 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10% құрайды.

– Банктік операцияларға ҚҚС салынады. Олардың бағасының өсуіне жол бермеу үшін бәсекелестікті қорғау агенттігі үкіметпен бірлесіп, ағымдағы бағалардың негізділігіне талдау жүргізеді. Арнайы салық режимінде рұқсат етуші емес, тыйым салу тізімі енгізіледі. Тыйым салынбағанның барлығына рұқсат етіледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге келсек, біз бәрін сол күйінде қалдырамыз. Яғни, минус 70% жәрдемақы қалады. Өңдеу өнеркәсібіне 20% КТС мөлшерлемесі бойынша салық салынады, – деп қосты Серік Жұманғарин.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button