Ресми

Жаңа құрамның тарихи жауапкершілігі

Мемлекет басшысының VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзі көпшіліктің көңілінен шықты. Жаңа Қазақстанда атқарылуы тиіс бірқатар басымдықтарға тоқталып, депутаттарға маңызды міндеттерді жүктеді. Депутаттар әрдайым өзгерістің ортасында жүріп, халық алдындағы жауапкершіліктерін естен шығармау керектігінде баса айтты.

Еліміздің даму стратегиясында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қорғау басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылған. Ал, әлеуметтік сала қоғам өмірінде басты рөл атқарады. Сол себепті, Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның әлсіз тұсына баса көңіл бөліп келеді. Оларды қолдау басты міндеттердің бірі екендігін айта келе, қиындыққа тап болған адамдарды көмексіз қалдырмау қажеттігін айтты.

– Әсіресе, ана мен баланы қорғауға айрықша көңіл бөлінуге тиіс. Менің тапсырмаммен биыл бала күтіміне жәрдемақы беру мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға ұзартылды. Тұрмысы төмен отбасындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін әлеуметтік көмек қайта қаралды. Енді 100 мыңнан астам бала бұл көмекті ақшалай алатын болады, – деді Мемлекет басшысы.

Халықтың әлжуаз тобына мейлінше көмек беру жылдан жылға өсіп келеді. Оған жалаң сөз бен құрғақ уәде емес, биылдан бастап жасалып жатқан әлеуметтік қолдаулар дәлел болады.

Осы орайда, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға тоқталып, жәрдемақысын өсіруді күздің алғашқы айынан бастап қолға алу керектігін де айтты.

Мемлекет мұқтаж жандарға көмек көрсетуді қолдап, әрі жылма-жыл түрлі бағдарламалар қабылдауда. Бұл халықтың әлеуметтік әлеуетінің көтерілуіне зор пайдасын тигізеді.

Гүлнар МАХМҰТ,

«Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының маманы Қарқаралы ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button