Бас тақырып
Жаңа пойыз Балқашқа 6 сағат жеткізеді
Балқаштың туристік жағдайын арттыру үшін және қарағандылықтарға ыңғайлы болу үшін Балқашқа қосымша жүрдек пойыз іске қосылады. Пойыз маусым мен қыркүйек аралығында жүреді. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында 30 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік туады деген болжам бар.

Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, аялдамалар санын қысқарту есебінен жол жүру уақыты 6 сағатты құрайды. Алты вагоннан тұратын құрам күнара қатынайды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz