Жаңа орынбасар қызметке кірісті
Сәбит Оспанов Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Сәбит Оспанов 1969 жылы Қостанай облысында туған.
Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қарағанды мемлекеттік университетін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын Матросов совхозында құрылыс учаскесінде жұмысшы ретінде бастап, кейін «Ботақара» АҚ және «Бота» серіктестігінде зоотехник, меңгеруші, директордың орынбасары болған. Ульянов поселкелік округі әкімінің орынбасары, 2006 жылдан бері «Бұқар жырау аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы қызметтерін атқарған.
2010 жылға дейін Ботақара кентінің әкімі, 2010 жылдан кейін Абай қаласының әкімі болды. 2013 жылы «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарды.
Өз тілшімізден.