Бас тақырыпБасты тақырыпБілім
Жаңа оқу жылында мектепке жасанды интеллект келеді
Жасанды интеллектті орта білім беру жүйесіне енгізу – жаңа оқу жылының басты ерекшелігі болмақ. Биылдан бастап Қазақстанда білім беру жүйесіне жасанды интеллект (AI) элементтері кезең-кезеңімен енгізіледі.

2025-2026 оқу жылында AI алдымен “Цифрлық сауаттылық” және “Информатика” пәндерінде қолданылады. Оқушыларға арналған Day of AI онлайн-курстары әзірленіп, мұғалімдер үш деңгейлі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Қазақстанда 8 мыңнан астам мектепте 4,1 миллион оқушы білім алады. Биыл 341 мың бала алғаш рет 1-сыныпқа барады, ал 232 мың оқушы 11-сыныпқа өтеді.
Аяулым СОВЕТ