Басты тақырып

Жаңа оқу жылына – жаңарған мектеп

   Білім күнінде облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ №23 жалпы білім беру мектебінде болып,  педагогтар мен оқушыларды мерекемен құттықтады. Бірінші сынып табалдырығын аттаған балдырғандардың қадамына сәттілік тілеп, ұстаздарға алғыс білдірді.

№23-ші мектеп – наурыз айында аймақ басшысы арнайы ат басын бұрған білім ошағы. Ол кезде білім нысанының жағдайы мәз емес-тін. Сыныптардағы еден, жаттығу залы, асханасының жағдайы сын көтермейтін. Оған қоса, өткен жылы бұл мектептің оқушылары үш ауысыммен оқып, бұл білім ошағына біраз қиындық келтірген.

Биылғы білім күніне орай аймақ басшысы мектепті тағы бір аралап көрді. Жалпы нысанның білім күніне, биылғы оқу жылына дайындығын бағдарлады. Мектеп басшысы жазда жүргізілген жұмыстардың барысына тоқталды.

Нүркен АШЫҚБАЕВ, №23 мектептің директоры:

– Жергілікті бюджеттен 67 млн. теңге бөлінді. Жаз айларында ғимараттың бірінші қабатындағы едендерді керамогранитке ауыстырдық. Екінші қабаттағы төсемелер толық жаңартылып, терезелер мен шатыр жөнделуден өтті. Құбырлар, санитарлық тораптар, есіктер ауыстырылды. Асханадағы, жаттығу залындағы және кітапханадағы іргелер жөнделді. Мектеп аумағын, кіреберісті абаттандырдық. Оған қоса, біз халықаралық қайта құру және дамыту банкінен электр үнемдеу бойынша республикалық грант ұтып алдық.  Енді, біз жылу энергиясын, әрі сенсорлы бұрандалар орнату арқылы суды да үнемдейтін болдық.

Сөйтіп, мектеп басшылығы бе­­рілген тапсырманы уақытында ор­ындап, жөндеу жұмыстарын мау­сымның бірінде бастап, 31-ші тамызда аяқтады. Биыл мектеп 155 оқушыны бірінші сыныпқа қабылдады. Бүгінгі таңда жаңа оқу жылында жаңарған мектепте 1350 бала білім алады.

Аяулым СОВЕТ

Суретті түсірген

Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button