АймақШахтинск

Жаңа оқу орталығы ашылды

Шахтинск қаласында “Алтын қадам” деп аталатын жаңа қосымша білім беру орталығы ашылып, оқушыларды қабылдай бастады.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл орталықты жеке кәсіпкерлер, педагогика ғылымдарының магистрі,12 жыл ұстаз болған Серікгүл Шаймерденова мен 7 жыл педагогтік еңбек өтілі бар Жанна Рамазан ашып, қаладағы “Восток” бизнес орталығынан 1 бөлмені жалға алып отыр. Мұнда әзірге парталар мен орындықтар, тақта ғана болса, олар алдағы уақытта оны одан әрі жабдықтап,жарақтандыру ниетінде.

Аталған қосымша білім беру орталығы оқушылардың сабақтан тыс уақыттарында ақылы негізде жұмыс істеп, ондағы тәжірибелі мұғалімдер мектепалды даярлық тобына дайындап, 1-4 сыныптарға арналған бастауыш білімді толықтырып, үй тапсырмаларын орындауға көмектесіп, БЖБ, ТЖБ-ға әзірлеп, оқу жылдамдығын дамытып, математикадан логикалық есептер шығартады. Мұның өзі балалардың білімін тереңдетуге, оқу үлгерімін арттыруға , ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Сол үшін әр мұғалім балалардың қабілетіне қарай жеке әдіспен жұмыс істеп, бүгінде орталықтың үш тобына оқушылар көптеп жазылуда. Бірақ әр оқушыға жеткілікті назар аудару мақсатында әр топты 7-8 баладан асырмау көзделген.

– Енді алға қойған осы жоспарларымызды жүзеге асыру үшін Жанна құрбым екеуіміз Шахтинск қаласы әкімінің кәсіпкерлікті дамытуға беретін биылғы грантын алуға өтінім түсірдік, – Серікгүл Шаймерденова.

Ержан ИМАШ,
Шахтинск қаласы

Басқа материалдар

Back to top button