Ресми

Жаңа несиелік бағдарлама іске қосылуда

Қарағанды облысында жастар бастамаларына бюджеттік кредит беру іске қосылады. Өңір кәсіпкерлерін қолдау үшін жалпы сомасы 1 млрд. 620 млн. теңгеге 324 кредит бөлінді.

Жаңа бағдарламаның бастамашысы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Бюджеттік несиелердің берілуін Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен облыстық әкімдік бақылайтын болады. Несиелер Аграрлық несие корпорациясы арқылы беріледі.

Жеңілдетілген несие 35 жасқа дейінгі, жеке кәсіпкер ретінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жастарға қол жетімді. Кепілдік мүліктің болуы міндетті. Бұл ретте бизнеспен кез келген салада айналысуға болады: қызметтер мен өндірістен ауыл шаруашылығына дейін.

Бюджеттік несие 5 жылға жылдық 2,5%-бен беріледі. Ал мал шаруашылығы саласындағы жобаларға несие беру мерзімі – 7 жылға дейін.

– Құжаттар мен бизнес-жоспарды үміткерлер Аграрлық несие корпорациясына ұсынатын болады. Біз бұл несиеге қызығушылық танытқандар көп болады деп күтеміз. Әр кандидаттың мүмкіндіктерін әр түрлі жағынан қарастыратын арнайы комиссия құрылады. Қажеттілік бойынша белгілі бір саланың сарапшыларын шақырамыз, – деді Әсем Жүніспекова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

Бүкіл ел бойынша бюджеттік несиелеуді іске қосу наурыз айына жоспарлануда.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button