Қарағанды облысында жұмыссыз жастар 120 мамандық бойынша оқытылады
Қарағанды облысының білім беруді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы М.К.Жошина еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен машықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту туралы айтып берді.
Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен машықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды жасы, білімі мен тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық жұмыссыздар пайдалана алады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен машықтанудың ерекшеліктерін ескере отырып, бір айдан алты айға дейін құрайды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушыларға материалдық көмек төмендегідей мөлшерде ұсынылады:
1) облыс аумағында, бірақ бағдарламаға қатысушылардың тұрғылықты мекенжайынан тыс жерлерде орналасқан білім беру ұйымдарында оқудың барлық кезеңінде оқу орнына дейін және кері қайту жолына 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) (10100 тг);
2) жатын орны үшін ай сайын 5 АЕК (12625 тг) мөлшерінде.
3) шәкіртақы 16759 тг.
Оқыту 120-дан астам мамандық бойынша жүргізіледі.
Барлық қызықтырған мәселелер бойынша тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталықтарына хабарласуға болады.