ЖаңалықтарРесми
Жаңа Конституцияда еркіндік пен жауапкершілік бір арнаға тоғысады
Qazaqstan ұлттық арнасының тележүргізушісі, Конституциялық комиссия мүшесі Ерқанат Көпжасарұлы жаңа Конституция жобасындағы сөз еркіндігі баптарының маңызын атап өтті.

Оның айтуынша, құжатта сөз бостандығын шектеуге бағытталған норма жоқ. Негізгі мақсат – жауапкершілікті күшейтіп, арандатушылықтың алдын алу. Сонымен қатар ақпаратты еркін алу және тарату құқығы нақты бекітілген.
Комиссия мүшесі ақпаратқа қол жеткізу тетіктері баспасөздің жұмысын жеңілдетіп, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыратынын айтты.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ


