Ресми
Жаңа Конституция жобасында әрбір азамат өз құқықтарын саяси себептермен негізсіз шектеуден нақты қорғалған – Магеррам Магеррамов
Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов жаңа норма адамның құқықтарын оның сеніміне, көзқарасына немесе саяси өмірге қатысуына байланысты шектеуге тікелей тыйым салатынын атап өтті.

Оның айтуынша, мемлекет азаматтарды саяси көзқарастары үшін жұмыстан айыра алмайды, қоғамдық өмірге қатысуын шектей алмайды немесе қолайсыз жағдай жасай алмайды. Шектеулер тек қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті және өзге адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында, заң бұзушылықтар негізінде ғана қолданылуы мүмкін.
Бұл азаматтардың саяси құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз етіп, мемлекетке деген сенімді нығайтады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ


