Ресми
Мәулен Әшімбаев: Конституция жобасы – тарихи құжат
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы қаласында мәслихат депутаттарымен, жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен және белсенді жастармен кездесуі барысында жаңа Конституция жобасын тарихи құжат деп атап өтті.

Оның айтуынша, бұл құжат қоғамдық келісімнің жаңа моделіне өтуді білдіреді әрі ішкі сұраныстар мен сыртқы сын-қатерлерге берілген уақытылы жауап.
Сондай-ақ ол конституциялық реформаны іске асыруда сараптамалық сүйемелдеудің маңызын атап өтті. Атап айтқанда, конституциялық идеяларды нақты тетіктерге, болашақ заңдарға және құқық қолдану практикасына айналдыру шешуші рөл атқарады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



