Жаңа Конституция жобасы – қоғам мен биліктің өзара жауапкершілік келісімі
Қазақстан жаңа кезеңге қадам басты. Бұл – жай ғана құжат қабылдау емес, бұл – мемлекеттіліктің сапалық жаңғыруы. Жаңа Конституция жобасы – әділетті, жауапты әрі халыққа есеп беретін мемлекет құру жолындағы нақты қадам. Бұл құжатта билік пен қоғам арасындағы сенім көпірі нығаяды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұрынғыдан да айқын әрі нақты қорғалады.

Бүгінгі әлемдік сын-қатерлер жағдайында елдің тұтастығы мен тұрақтылығы аса маңызды. Конституциялық реформалар – тек саяси өзгеріс емес, бұл – ұлттың болашақ алдындағы жауапкершілігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы басқару жүйесінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.
Жаңа Конституция:
– Адам құқығын қорғауды күшейтеді;
– Парламенттің рөлін арттырады;
– Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытады;
– Әділет қағидатын мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдырады.
Бұл – бір адамның немесе бір топтың емес, бүкіл халықтың таңдауы. Бұл – тарихи мүмкіндік. Біз әділетті Қазақстанды сөзбен емес, нақты іспен қалыптастыруымыз керек.
Конституция – қағаз жүзіндегі норма емес, ол – қоғам мен биліктің өзара жауапкершілік келісімі.
Нұрсұлтан МЕЙРАМҰЛЫ
Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы


