Ресми
Жаңа Конституция жобасы – еркіндігіміз бен құқықтарымыздың кепілі
Мен Қазақстанның шынайы патриоты ретінде жастардың келешегіне бейжай қарай алмаймын. Өңірдегі саяси және қоғамдық үдерістерді үнемі назарда ұстаймын.

Әрқайсымыз өз тағдырымызға, мемлекетіміздің дамуына жауаптымыз. Жаңа Конституция – еркіндігіміз бен құқықтарымыздың кепілі. Бұл – қазақстандықтардың мүддесіне қызмет етуі тиіс басты заң. Бүгінде онда институционалдық жаңғыру тетіктері, егемендікті нығайту және этномәдени мұраны сақтау кепілдіктері нақты бекітіліп отыр.
Рамиз ШАРИНОВ
«Дагестан» ұлттық мәдени орталығының төрағасы



