Жаңа Конституция жобасы: болашаққа бағытталған реформалар
Бүгінде елімізде жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Бұл – тек заңгерлердің немесе саясаткерлердің әңгімесі емес. Бұл – әрбір азаматқа, әрбір отбасыға қатысты маңызды құжат. Сондықтан мұндай талқылауға халықтың белсенді араласуы – заңды құбылыс деп есептеймін.

Жаңа Конституция жобасы еліміздің болашақ даму бағытын айқындайды. Онда адами капиталды, білім мен ғылымды дамытуға ерекше басымдық берілген. Бұл – стратегиялық тұрғыдан өте маңызды қадам.
Ата Заң жобасында мемлекет азаматтарға тегін бастауыш және орта білім алуға кепілдік береді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында конкурс негізінде тегін білім алу мүмкіндігі сақталады.
Бүгінгі таңда талқыланып жатқан Конституциялық реформа – халық пен мемлекет арасындағы сенімді күшейтетін, болашаққа бағытталған маңызды өзгеріс деп санаймын.
Нұрлан БЕРІКҰЛЫ
Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті КеАҚ
Маркетинг және PR департаменті директоры



