Жаңа Конституция – ел болашағының берік негізі
Бүгін біз еліміздің саяси өмірінде тарихи кезеңге куә болып отырмыз. Мемлекетіміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған жаңа Конституция жобасы дайындалды. Бұл – ел болашағын айқындайтын, қоғамдық сенім мен тәртіпті нығайтатын маңызды құжат.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия 20 күнге созылған ауқымды жұмыс барысында 130 мүшеден құралды. Комиссия ел азаматтарынан түскен 10 мыңға жуық ұсынысты жан-жақты саралап, әрбір пікірді талқылады. Барлық үдеріс толық ашық түрде жүргізілді. Бұл – “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидатының нақты көрінісі. Біз бұл реформаның нағыз халықпен бірге жасалғанын көріп отырмыз.
Әскери қызметшілер үшін бұл реформа ерекше маңызды. Жаңа Конституция адам құқықтарын қорғауды, әлеуметтік әділеттілікті, заң үстемдігін және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басымдық береді. Ол бізге – әскери қызметшілерге – өз міндетімізді лайықты орындауға, әскери тәртіп пен кәсіби стандарттарды сақтай отырып, қоғам алдындағы сенімді нығайтуға нақты құқықтық негіз береді.
Жоба мемлекеттік тілде әзірленіп, әр нормасы ұлттық құқықтық санамызға сай нақтыланған. Бұл тек тілдік мәселе емес, бұл – әскери қызметте және азаматтық өмірде заңдылықты, әділеттілікті және түсінікті қамтамасыз ететін маңызды қадам. Әрбір бап, әрбір норма біздің кәсібилігімізді және азаматтық жауапкершілігімізді арттыруға бағытталған.
Жаңа Конституцияның негізгі қағидаты – «Мемлекет адам үшін». Бұл қағидат әскери қызметшілер үшін де басшылық принцип. Біз, әскери қызметшілер, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, осы қағидатты іске асыруымыз қажет. Әр әрекетіміз әділ, әр шешіміміз жауапты болуға тиіс.
Біз – осы елдің қорғаныс күші, оның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі. Жаңа Конституцияға қатысу – тек заңдық міндет емес, біздің әрқайсымыздың ел тағдырына қосқан үлесіміз. Біз бұл құжаттың рухын түсініп, оны өз қызметімізде жүзеге асыру арқылы елге деген адалдығымызды көрсетеміз.
Біздің әрқайсымыздың таңдауы – мемлекетіміздің ертеңіне қосқан нақты үлес. Сол себепті жаңа Конституцияны түсініп, қолдап, өз қызметімізде іске асыру – біздің борышымыз және абыройымыз.
Сакентай ШЕКАРБЕКОВ
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы



