Ресми

Жаңа Конституция – ел болашағының берік іргетасы

Бүгінгі таңда қоғамымыз үшін ең маңызды құжаттардың бірі – Жаңа Конституция жобасы. Бұл құжат мемлекетіміздің даму бағытын айқындап қана қоймай, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауға, әділетті қоғам құруға бағытталған.
Жаңа Конституцияда адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту, ғылым мен білімді дамыту, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу сияқты маңызды қағидаттар айқын көрініс тапқан. Бұл – еліміздің тұрақты дамуы мен болашақ ұрпақтың жарқын өміріне жасалған маңызды қадам.
Әр азамат бұл құжаттың мәнін терең түсініп, өз пікірін білдіру арқылы ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетуі тиіс. Өйткені Конституция – тек заңдар жиынтығы емес, ол – халқымыздың ортақ құндылықтары мен болашаққа деген сенімінің көрінісі.
Абай ҚАЛЫҚОВ
Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті КеАҚ тәрбие ісі жөніндегі проректоры

Басқа материалдар

Back to top button