Ресми
Жаңа Конституция Әділетті Қазақстан қағидаттарын нығайтады
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы қаласында мәслихат депутаттарымен, жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен және белсенді жастармен кездесті. Іс-шаралар барысында Негізгі заңның жаңа жобасы Қазақстан үшін Әділетті Қазақстан идеясын іске асырудың құқықтық негізін бекітетінін атады.

Құжатта елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға және халық бірлігін нығайтуға нақты кепілдіктер қарастырылған. Оның айтуынша, жаңа Конституцияның басты ерекшеліктері – адамға бағдарлануы, нормалардың айқын әрі нақты болуы және қоғамды біріктіруші рөлі.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



