Ресми

Жаңа Конституция – әділдік пен заманауи басқаруға берілген жауап – Екатерина Смолякова

Астанада Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық диалог өтті. Студиялық дебат форматында өткен іс-шара барысында 7 саяси партияның өкілдері құжаттың негізгі нормаларын түсіндіріп, жүргізушілер мен азаматтардан түскен сұрақтарға жауап берді.

«Respublica» партиясының өкілі Екатерина Смолякова Қазақстан терең трансформация кезеңіне қадам басқанын айтты. Оның сөзінше, жаңа Конституция – жай ғана заңнамалық өзгеріс емес, әділдік пен заманауи басқаруға деген қоғамдық сұранысқа берілген нақты жауап.

«Басқару жүйесінде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» моделіне көшу көзделген. Жаңа құрылым шешім қабылдаудың ашықтығын арттырып, өңірлердің экономикалық дербестігін күшейтеді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы аймақтар экспорттық хабтарға айналады», – деді Екатерина Смолякова.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button