Бас тақырыпРесми
«Жаңа Конституция – әділдік пен заманауи басқаруға берілген жауап»
«Respublica» партиясының өкілі Екатерина Смолякова Қазақстан терең трансформация кезеңіне қадам басқанын айтты. Оның сөзінше, жаңа Конституция – жай ғана заңнамалық өзгеріс емес, әділдік пен заманауи басқаруға деген қоғамдық сұранысқа берілген нақты жауап.

– Басқару жүйесінде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» моделіне көшу көзделген. Жаңа құрылым шешім қабылдаудың ашықтығын арттырып, өңірлердің экономикалық дербестігін күшейтеді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы аймақтар экспорттық хабтарға айналады, – деді Екатерина Смолякова.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



