Саран қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дарын Бұлқайыр облысымызда бірінші болып онлайн қабылдауды бастайды.Сол үшін қаладағы ірі деген 20 кәсіпорынның ғимараттарында QR-кодтары бар тақтайшалар орнатылған.

Осы кодтарды сканерлей отырып қала әкімінің онлайн және офлайн қабылдауына жазылуға болады.Соның нәтижесінде жұмысшылар қала әкімімімен айына екі рет болмаса апта сайын жүзбе жүз сөйлесе алады.Бірақ бұл кездесулер әкімнің бос уақытында тағайындалып,кестесі өзгеріп тұрады.
Қала әкімінің жұмысындағы бұл жаңалық әкімдік пен азаматтар арасындағы байланысты қамтамасыз етіп,туындаған мәселелерді шұғыл және тиімді шешуге көмектеседі.
Енді іске қосылуға дайын бұл жоба бойынша сарандықтардың қала әкіміне онлайн-режимде хабарласуы үшін осында компьютерлер мен веб-камералары бар аймақтар да жабдықталмақ.
Ержан ИМАШ,
САРАН
Суреттер ұйымдастырушылардан