Жаңалықтар

Жаңа көзқарас – жаңа мазмұн

Елбасымыз «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталғанын, ол 2021 жылы аяқталатыны туралы айтқан болатын.

Қарағанды облысы педагогтарын кәсіби жетілдірумен айналысып келе жатқан «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты осы орайда жаңартылған білім мазмұны бойынша біліктілік арттыру курстарын ұйымдастырып келеді. Яғни, Жолдауда айтылғандай, педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарастырған мекеме оқытушылары заманға сай кадр даярлау ісінде ауқымды шаралар атқаруда.

Айта кету керек, біліктілікті арттыру курстары бір айға негізделген. Қысқа мерзім ішінде теориялық лекциялар, шеберлік сағаттары, білім беру ұйымдарындағы практикалық сабақтары, атақты адамдармен, педагогтармен, Қазақстанның және жақын маңдағы шетел ғалымдарымен кездесулер шебер үйлестірілген курста облыс мұғалімдері білім берудің инновациялық үдерістерін ашып қана қоймай, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға септігін тигізетін оқу-тәрбие үдерісін басқарудың заманауи әдістері мен технологияларын да меңгереді. Сондай-ақ, мұғалімдердің ұлттық білім беруді дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру механизмдерін әзірлеуде талдау және практикалық дағдыларын айқындауға жағдай жасалады.

Оқыту барысында орта білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары, мақсаты, міндеттері талқыланып, жалпы білім беретін мектептерде критериалды бағалау жүйесін енгізу мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Негізгі тақырып тұрғысында білім беру мазмұнын тиімді жаңартуда оқытушылардың үздіксіз кәсіби дамуының маңыздылығы қарастырылды. Айта кету керек, заманауи талаптарға сәйкес оқу процесін ұйымдастыруға қажетті жаңа білім алу мен практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін осындай курстар – маңызды.

Биылғы оқу жылында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ-да 19 жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізіліп 522 педагог біліктілігін арттырды. Біліктіліктерін арттырған ауыл педагогтарының да үлесі аз емес. Көрсеткіш – 31,9%. Курс тыңдаушыларының пікірінше, аталмыш біліктілік арттыру курстары мектеп мұғалімдерін білім берудің жаңартылған бағдарлама жағдайында жұмыс жасауға дайындаса, бірқатарлары заманауи технологиялар мен оқу-тәрбие әдістерін шебер меңгерген.

С.БАЙЖІГІТОВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ бас маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button